Глюкоза деңгейін үздіксіз мониторингілеу жүйесі LinX (GX-01S сенсор моделі) — MicroTech Medical компаниясының саусақты үнемі теспей-ақ тәулік бойы қант деңгейін бақылауға арналған ықшам сымсыз датчигі.
Жүйе интерстициальды сұйықтықтағы глюкоза концентрациясын үздіксіз өлшейді және деректерді әр минут сайын Bluetooth арқылы смартфонға автоматты түрде жібереді. Құрылғы 2 жастан асқан балалар мен ересектерге ағзаның тамақтануға, физикалық жүктемелерге және емге реакциясын бақылауға өте қолайлы.
Негізгі сипаттамалары:
• бір сенсордың жұмыс мерзімі: 15 күнге дейін үздіксіз мониторинг;
• өлшеу жиілігі: нақты уақыт режимінде әр минут сайын (үнемі сканерлеуді қажет етпейді);
• анықтау диапазоны: 2,0–25,0 ммоль/л;
• датчиктің өлшемдері мен салмағы: диаметрі 22 мм, қалыңдығы 4,2 мм, салмағы 2,16 г;
• ылғалдан қорғау класы: IP68 (душ қабылдауға және жүзуге болады);
• тарих және талдау: соңғы 6, 12 және 24 сағаттағы графиктер мен тенденцияларды құру, AGP есебін қалыптастыру;
• жұмыс температурасы: +5-тен +40 °C-қа дейін;
• жарамдылық мерзімі: 16 ай.
Смартфондармен және қосымшамен үйлесімділігі:
• LinX мобильді қосымшасы (App Store және Google Play-де тегін)
• iOS 14 және одан жоғары платформа (кемінде 2 ГБ жедел жады)
• Android 10.0 және одан жоғары платформа (кемінде 8 ГБ жедел жады, экран ажыратымдылығы 1080×2400 пиксельден жоғары)
diabetica.kz сайтындағы қосымша тауарлар:
• Датчикті қосымша бекітуге арналған тейптер мен таңғыштар (спортпен шұғылданғанда және жүзгенде)
• Орнатар алдында теріні өңдеуге арналған спиртті сулықтар
Жинақтамасы:
Бір реттік аппликаторы кіріктірілген стерильді қаптамадағы LinX глюкоза деңгейін үздіксіз мониторингілеу жүйесінің сенсоры және қолдану жөніндегі нұсқаулық (ҚР МБҰЖ коды 134006).
Маңызды:
Қарсы көрсетілімдері бар. Орнатар және қолданар алдында ресми нұсқаулықпен міндетті түрде танысып шығыңыз және емдеуші дәрігермен немесе эндокринологпен кеңесіңіз, әсіресе инсулин дозасын түзету туралы шешім қабылдаған кезде. Сенсор бір рет қолдануға арналған. Бұйымды зауыттық қаптамасында +2-ден +25 °C-қа дейінгі температурада, тікелей күн сәулесінен қорғап сақтаңыз және тасымалдаңыз.
Таңдауға көмек керек пе?
Егер датчиктің смартфоныңызбен үйлесімділігіне күмәндансаңыз немесе орнату ережелерін нақтылағыңыз келсе, Алматы, Астана қалаларындағы немесе онлайн режиміндегі «Диабетика» желісінің мамандарына хабарласыңыз. Қосымшаны баптауға көмектесеміз, бекіту тейптерін таңдап береміз және бүкіл Қазақстан бойынша жеткізуді рәсімдейміз.

















































